Collector
Украинада қанша қазақстандық әскери тұтқында отыр: СІМ мәлімет берді | Collector
Украинада  қанша қазақстандық әскери тұтқында отыр: СІМ мәлімет берді
24KZ

Украинада қанша қазақстандық әскери тұтқында отыр: СІМ мәлімет берді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украина аумағында әскери тұтқын мәртебесінде жүрген қазақстандықтар саны туралы ақпарат берді, деп хабарлайды « 24KZ » NewTimes.kz- ке сілтеме жасап. СІМ - Қазақстан азаматтарының Украинадағы тағдыры және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек жөнінде  ресми айтты. Ведомствоның мәліметінше, Украина тарапы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қарулы қақтығыс аймағында Қазақстан азаматтарының болғаны тіркелген. Оның ішінде Украина аумағында әскери тұтқын мәртебесіне ие 12 Қазақстан азаматы бар. «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері Қазақстан азаматтарына қатысты консулдық мәселелер бойынша шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен байланыс орнатып отыр», – делінген министрліктің жауабында. СІМ, Қазақстанда шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны және жалдамалы жауынгерлік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Сондай-ақ азаматтарды мемлекеттік органдар мен Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері таратқан ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды. Алайда министрлік қазақстандықтарды Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмасу тізіміне енгізу бойынша қандай да бір келіссөздердің жүргізіліп жатқанын нақтылаған жоқ. Сондай-ақ тұтқындардың туыстарынан қанша өтініш түскені және оларға қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы мәлімет берілмеген. «Шетелде көмек қажет ететін жағдайлар туындаған кезде Қазақстан азаматтары дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерге жүгіне алады. Олар өз құзыреті шегінде қажетті қолдау көрсетеді», – деп мәлімдеді СІМ. Айта кетейік, мамыр айының басында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Украина елшісі Виктор Майкомен кездесу өткізген. Тараптар екіжақты ынтымақтастық туралы  талқылаған болатын.

Go to News Site