Collector
Қарағандыда танымал футболшы жол апатынан қаза тапты | Collector
Қарағандыда танымал футболшы жол апатынан қаза тапты
24KZ

Қарағандыда танымал футболшы жол апатынан қаза тапты

Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан көкшетаулық «Елім-Ай» футбол клубының ойыншысы әрі «Скаут» балалар футбол клубының жаттықтырушысы Ілияс Буртовой қайтыс болды, деп хабарлайды « 24KZ ». Қайғылы оқиға Абай – Қарағанды тасжолында орын алған. Жол апатынан кейін ауыр жарақат алған спортшы профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер  оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмағанын айтты. Ілияс Буртовой футболдағы кәсіби жолын 2015 жылы «Шахтер-Булат» командасының құрамында бастаған. Кейін футзалға ауысып, Қарағандының «Прогресс» клубы сапында Қазақстан кубогында өнер көрсетті. Сондай-ақ ол еліміздегі ең мықты әуесқой командалардың бірі саналатын FC BIRLIK құрамында ойнап, өткен жылы шағын футболдан әлем чемпионатына қатысқан болатын. 2025 жылы Ілияс Буртовой Көкшетаудың «Елім-Ай» клубы сапында Қазақстан кубогы мен Бірінші лига матчтарында өнер көрсетті. Спортшы 1996 жылы дүниеге келген. Биыл ол  29 жаста еді.

Go to News Site