Collector
Шетелге кеткен Қазақстан азаматтарына зейнетақы төлене ме? Конституциялық Сот шешім қабылдады | Collector
Шетелге кеткен Қазақстан азаматтарына зейнетақы төлене ме? Конституциялық Сот шешім қабылдады
24KZ

Шетелге кеткен Қазақстан азаматтарына зейнетақы төлене ме? Конституциялық Сот шешім қабылдады

Енді шетелге қоныс аударған Қазақстан азаматтары да зейнетақы ала алады. Бұл туралы Конституциялық Сот арнайы шешім қабылдады, деп хабарлайды «24KZ». Бас прокуратураның мәліметінше, 2026 жылғы 18 мамырда сот зейнетақы тағайындау мен төлемдерді тоқтатуға қатысты қолданыстағы заң нормаларын қараған. Заңнамада шетелге көшкен азаматтарға зейнетақы төлеуді тоқтату мүмкіндігі болған еді. Зейнетақы алу құқығы адамның жасы мен азаматтығына байланысты болғандықтан, жаңа өзгерістерге сай Конституциялық Сот тұрғындардың мекенжайы зейнетақы алуға әсер етпеуі керектігін мәлімдеді. Алайда бұл шешім шетел азаматтығын алған немесе азаматтығы жоқ тұрғындарға әсер етпейді. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site